«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында #Online_ATT жұмысы жалғасуда.
⠀
Тікелей эфир барысында «Аңсар» орталығы басшысының орынбасары, білікті теолог Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Абдурахман ибн Ауфтың өмірі» тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында байлық, мал-мүлік қай кезде қайыр, қай кезде сынақ болатыны, «Кез-келген байдың мал-мүлкінде кедейдің қаққысы бар» қағидатына сүйеніп шын мұқтажға қазіргідей қиын-қыстау кезеңде берілетін садақа жөнінде айтылды.⠀
⠀
Тікелей эфир толықтай @ansar_aqparat инстаграм парақшасында сақтаулы, 24 сағат ішінде қарай аласыздар.