Құрметті оқырмандар, @ansar_aqparat ресми инстаграм парақшасында «Жанұя шаттығы» online байқауы жарияланды. Карантинге байланысты үй-жайларда оқшауланып отырған мезгілде әр адам үшін ең абзал жан ана қадірін, отбасымыздың маңызын бірге сараптайық. Әрқайсыңызды #Аңсаржанұяшаттығы online байқауына қатысуға шақырамыз!
⠀ ⠀
2-ТАПСЫРМА: «АНА ҚАДІРІ- ТІРЛІК ҚАДІРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС. ⠀
⠀ ⠀
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
⠀
1. @ansar_aqparat және @ansar_volunteer инстаграм парақшаларына жазылу;
2. Өз қалауыңызға қарай «Ана қадірі – тірлік қадірі» тақырыбында #Аңсаржанұяшаттығы хэштегімен фото/видео +пост жазасыз. Тапсырма суретін скриндеп алуға не тақырыпқа сай басқа сурет, видео (Мысалы, өз анаңыңыздың суреті, видеосы) салуға болады, мәтін міндетті түрде болуы тиіс. Жұмысыңызды өз инстаграм парақшаңызға саласыз, @ansar_aqparat инстаграм парақшасын белгілейсіз;
3. Парақшаңыз ашық болуы тиіс;
4. Байқауға тек Ақтөбе өңірі, Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады;
5. Жас шектеуі бар. Байқауға 16 жастан бастап қатыса алады.
⠀
Жеңімпаз «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын және термос иеленеді.
⠀
ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН САУАТТЫ, КӨРКЕМ ЖАЗЫЛЫП, САПАЛЫ ЖАСАЛҒАН, ДІН, ДӘСТҮР, ТАРИХ САБАҚТАСТЫРЫЛҒАН ӨНЕГЕЛІ, ҒИБРАТ АЛАРЛЫҚ ҮЗДІК ЖҰМЫС ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
⠀
МАТЕРИАЛДАРДЫ БАСҚА ЖЕРДЕН КӨШІРІП САЛУҒА БОЛМАЙДЫ! БАРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ.
⠀
УАҚЫТЫ: 19-сәуір(жексенбі) сағат 22.00-ге дейін қабылданады.