«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы #Online_ATT режимінде өңіріміздегі оқу орындарының студенттерімен ZOOM платформасы арқылы online кездесулерді жалғастыруда. Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттеріне «Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі» тақырыбында online кездесу өтті.
⠀
Кездесуді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы жүргізіп, студенттерге жат діни ағымдардың интернет арқылы арандату тәсілдерін, олардан сақтану жолдарын айтты.