Құрметті оқырмандар, @ansar_aqparat ресми инстаграм парақшасында «Жанұя шаттығы» online байқауы жалғасады. Карантинге байланысты отбасыңызбен үй-жайларда оқшауланып отырған мезгілде әке тұлғасын, отбасымыздың маңызын бірге сараптауға, #Аңсар_жанұя_шаттығы online байқауына қатысуға шақырамыз!
⠀ ⠀
4-ТАПСЫРМА: «ӘКЕ ТҰЛҒАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС. ⠀
⠀ ⠀
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
⠀
1️⃣. @ansar_aqparat және @ansar_volunteer инстаграм парақшаларына жазылу;
2️⃣. Өз қалауыңызға қарай «Әке тұлғасы» тақырыбында #Аңсар_жанұя_шаттығы хэштегімен фото/видео +пост жазасыз. Тапсырма суретін скриндеп алуға не тақырыпқа сай басқа сурет, видео салуға болады, мәтін міндетті түрде болуы тиіс. Жұмысыңызды өз инстаграм парақшаңызға саласыз, @ansar_aqparat инстаграм парақшасын белгілейсіз;
3️⃣. Парақшаңыз ашық болуы тиіс;
4️⃣. Байқауға тек Ақтөбе өңірі, Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады;
5️⃣. Жас шектеуі бар. Байқауға 16 жастан бастап қатыса алады.
⠀
Жеңімпаз «Покоритель сердец и бесподобный наставник человечества Мухаммад (с.в.а.)» кітабын және құлаққап иеленеді.
⠀
ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН САУАТТЫ, КӨРКЕМ ЖАЗЫЛЫП, САПАЛЫ ЖАСАЛҒАН, ДІН, ДӘСТҮР, ТАРИХ САБАҚТАСТЫРЫЛҒАН, ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, ШЫНАЙЫ, ӨНЕГЕЛІ, ҒИБРАТ АЛАРЛЫҚ, ОҚЫРМАННЫҢ КӨҢІЛЕН ШЫҒЫП, КӨП ЛАЙК, ПІКІР ЖИНАҒАН ҮЗДІК ЖҰМЫС ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
⠀
МАТЕРИАЛДАРДЫ БАСҚА ЖЕРДЕН КӨШІРІП САЛУҒА БОЛМАЙДЫ! БАРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ.
⠀
УАҚЫТЫ: 26-сәуір(жексенбі) сағат 22.00-ге дейін қабылданады.