Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының #Online_ATT тікелей эфирінде Ақтөбе облысының Бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлымен «Карантин кезінде Рамазан айында нені ескеруіміз керек?» тақырыбында сұхбат өтті.
⠀ ⠀
Сұхбат барысында «Аңсар» орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы бас имамға жамағат тарапынан көп қойылатын сұрақтарды жеткізіп, орталық жұмысына байланысты сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек тікелей эфирден тарауық намазын үйде оқу, пітір садақасын төлеу және т.б. сұрақтарға толыққанды, тұшымды жауап берілді.