Ақтөбе облысының дін істері басқармасы облыс әкімі О.Оразалиннің үндеуіне сәйкес, «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында екі жалғыз басты кейуанаға азық-түлікпен жәрдемдесіп, Рамазан айымен құттықтады.
Аталмыш игі іс туралы басқарма басшысы @turalievalimbek өз инстаграм парақшасында: «Бұл айдағы игі істер мұқтаж және науқастарға көрсетілген жомарттылық үшін Алла Тағаланың сыйы еселеніп, адамды Өзіне жақындатады. Осындай шаралар Рамазан айы бойы болатынына кеміл сенемін»,-деп жазып, әлеуметті игі істерден қапы қалмауға шақырады.