Құранда: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы
ықыласпен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары және зекет берулері үшін әмір етілген», – делінген.
⠀
Рамазан оразасына ниет ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын
күннің сәске, яғни таң уақыты кіргенге дейін жалғасады.
⠀
Ал, сәресі уақытында ниет етпей ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеген болса, бесін намазына дейін ниет
етуіне болады.
⠀
Десе де ең дұрысы түнде, сәресі уақытында ниет ету.