Қазақ дәстүріндегі тәбәрік қылу ісінің кең таралған түрлерінің бірі – дүние есігін ашқан сәбиге тәбәрік қылып, ұлы адамдардың атын қою. ⠀
⠀
Сол сияқты қонақ келісімен балаларына қалған тамақты жегізіп, «Пәлен ақсақал сияқты көреген болыңдар, шешен болыңдар», – деп жатады. Мұндай дәстүрлердің бір ұшы Ислам дінімен сабақтасып жатқанын «Кәшшәфул қаннағ» атты еңбектегі: «Ізгі адамдар қонаққа барған жерінде сол жердегі адамдарға тәбәрік ретінде жеген тамағының біразын ысырып қалдырғаны – мұстахаб. Немесе соған қажеттілік бар» деген мәтіндерден нақты көре аламыз.
⠀
С.Оқанұлы, «Бабалар ұстанған ақида» кітабынан.