Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы жергілікті ҚМДБ өкілдігімен бірлесе отырып наурыз айында мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан «Ansar CUP» лигасы өз мәресіне жетті. ⠀
Лигаға «Нұр Ғасыр» мешіті, «Нұрдәулет» мешіті, «Бақытжан» мешіті, «Қабақ баба» мешіті, «Әл-Ләтиф» мешіті, «Сүлеймен ата» мешіті, «Қалалық мешіт», «Әс-Сәләм» мешіті және Облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» орталығынан барлығы 9 команда қатысты. ⠀
Лига қорытындысы бойынша⠀ «Сүлеймен ата» мешіті командасы – І орын; ⠀ «Нұрдәулет» мешіті командасы – ІІ орын; ⠀ «Әл-Ләтиф» мешіті командасы – ІІІ орынды иеленді. ⠀
⠀ «Қабақ баба» мешітінің ойыншысы Азат Құлсейітов «Үздік қақпашы»; «Әл-Ләтиф» мешітінің ойыншысы Жақсыбек Махамбетов «Үздік қорғаушы»;⠀ «Нұрдәулет» мешітінің ойыншысы Ғани Айтбаев «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. ⠀ Жеңімпаз командалар тамыз айында өтетін облыстық турнирге жолдама алды.