Құрметті жастар, сіздерді бүгінгі атаулы мерекемен құттықтаймыз!
Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, ғылым-білімде қарыштап дамуына үлес қосатын сіздердің жастық жігерлеріңіз бен тың идеяларыңыз.
⠀
Айбынды ақын М.Жұмабаев жырлағандай:
⠀
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!…