Қазақ қоғамында уаххабилік идеологияның белгілі бір деңгейде күш алып кетуіне екі нәрсе негіз болды: біріншіден, халықтың дінге құштарлығы, екіншіден, құштар бола тұра, сауатсыздығы.
⠀
Бұл екі нәрсе сол ағымды таратушылар үшін іздегенге сұраған болғаны рас.
⠀
Әсіресе, жастар арасында дін жолына қызығушылық жоғары. Ал діни ағымдардың қай-қайсысы болса да, өздерінің идеологиясын ең алдымен жастарға бағыттайды.
⠀
Өйткені, олардың бойларында энергия, талпыныс, жастық максимализм бар. Бүгінгі жастарды өздеріне қарата білсе, ертең осы мемлекетті түгелімен өз қолдарына түсіре салу да оңай.
⠀
Кеңшілік ТЫШХАН, дінтанушы