Рисунок2

Дін және діни сенім бостандығы дегеніміз не?

Дін қоғам өмірінде реттеушілік (регулятивтік), компенсаторлық (жұбаныштық), коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) және тәрбиелік қызмет атқарып, әлеуметтік маңызы зор сана түрі ретінде әрекет етеді.

Дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.

Діни сенім бостандығы–адамның жеке өзі не басқалармен бірге қандай да бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және таратуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандықтарының бірі.

Дiнге деген көзқарасына қарамастан, ҚР азаматтары экономикалық, саяси, әлеуметтiк, мәдени өмiрдiң барлық салаларында тең. Азаматтардың дiнге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тiкелей не жанамалап шектеу, қандай да бiр артықшылықтар белгiлеу, өшпендiлiк пен жеккөрушiлiк туғызу, азаматтардың сезiмдерiн жәбiрлеу, қайсыбiр дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау ҚР заңдарына сай жауапкершiлiкке тартылады.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабы 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге не олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген.

ҚР азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бiрдей жауапты. Заңнамада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға ешкiмнiң қақысы жоқ. Дiни нанымына байланысты атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана ҚР заңдарына сәйкес жол берiледi.

«Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 100 сұрақ-жауап» кітапшасынан

Комментарии закрыты.