97e24316dc4f9c333206ab3b4d1f21f4

ҚР діни сенім бостандығын қамтамасыз ету тетіктері

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында халықтың мәдени дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлі танылатыны атап көрсетілген. Бұл–қазақ мемлекеттілігінің орнауына негіз болып, оның рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастырған қазақ ұлтының және Қазақстан жеріндегі көптеген этностардың ата діні болған исламның, сонымен қатар соңғы үш ғасырлық тарихы Қазақстанмен ортақ христиан дініндегі бірқатар этностардың сенімдік бағыты–православиенің ел халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды.

Аталмыш заңда мемлекеттік-діни қатынастардың негізгі қағидаттары көрініс тапты. Заңның 3-бабында төмендегі нормалар қамтылған:

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
2. Діни бірлестіктер мен ҚР азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
3. Ешбiр дiн мемлекеттік не міндетті дін ретінде белгіленбейді.

Осы нормалар аясында мемлекеттердің діни бірлестіктерге бейтараптығы (нейтралитет), діни бірлестіктердің заң алдында теңдігі (паритет), ешбір дінге басымдық берілмеуі арқылы барлық діндерге бірдей қатынас пен көзқарастың орнықтырылуы (толеранттылық) қағидаттары қамтылған.

© «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 100 сұрақ-жауап» кітапшасынан

Комментарии закрыты.