Рисунок2

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ШАҢЫРАҒЫНДА

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары «Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты» ММ жұмыспен қамту бөлімі мамандарымен бірлесіп жалғыз басты аналар және көп балалы, аз қамтылған отбасылардың шаңырағында атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Келесі кездесу Ақтөбе қаласы «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» мекемесінде ұйымдастырылып, «Аңсар» орталығының теолог мамандары тұрғылықты жері жоқ адамдармен кездесу өткізді.

Және келесі бір шарада Астана және Алматы аудандары әкімдігінде пробация есебінде тұрған азаматтардың ата-аналары және жақын туыстарымен кездесу жүргізілді. Шараға Аңсар орталығы және Астана және Алматы аудандары әкімдіктері тарапынан жауапты мамандар қатысты.

Соңғы кездесу Көкшетау техникалық институтының Ақтөбе қаласындағы оқу орталығында оффлайн және онлайн форматында өткізіліп, «Аңсар» орталығының теолог маманы Ермағамбет Асылбек Жұмаұлы «Деструктивті ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.

Комментарии закрыты.