2de284df80b51507d6d7565fd501dafc.png

Діни экстремистік идеяларға кімдер бой ұруда?

Әлеуметтанулық-психологиялық зерттеулерде тұжырымдалғандай, мінез-құлық ерекшеліктері жөнінен алғанда радикалды идеология ықпалына бірінші кезекте билікқұмарлар, екінші кезекте пайдакүнемдер, үшінші кезекте әсіредіншілдер ұшырайды.

Экстремистік және террористік топтардың құрамына негізінен сотталған немесе қылмыстық істерге араласқан тұлғалармен қатар, қылмыстық іске араласпағандар да кіреді. Аталмыш типтегі адамдар негізінен құқықтық нигилистер, яғни зайырлы заңдарды мойындамайтын тұлғалар. Олардың түсініктеріндегі діни заңдар мен құқықтар радикалды идеологиялардың мақсаттарына сәйкес бұрмаланған. Сондықтан экстремистік және террористік топтардың құрамындағы тұлғалар өздерінің лаңкестік әрекеттерін діни-құқықтық жағынан дұрыс санайды.

Кез-келген экстремистік ұйым – оқшауланған ұяшықтардан құралған қатаң иерархиялық тәртіпте ұйымдасқан топ.

Экстремистік ұйымдар қатарына қосылған адамның санасын өзгерту үшін ең алдымен оны сыни ойлау қабілетінен айыруға әрекеттенеді. Өйткені сыни ойланбайтын адамның санасына кез-келген идеяны еркін сенім ретінде құйып қоюға болады. Осыған орай радикалдардың діни дәрістері тиісті бағдарламалар мен мақсаттар шеңберінде әзірленеді. Олардың діни танымдары айналадағы барлық объектілер мен әрекеттерді «дос-дұшпан» немесе «халал-харам» категорияларымен ғана айқындайды. Экстремистік топтағы адам үнемі өзге дінді ұстанатын немесе оның көзқарасын қабылдамайтын адамдарды, қоғамды, мемлекетті «дұшпан» санайды. Ондай адам зайырлы заңға бойсұнбайды, заңды мойындамайды.

© «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 100 сұрақ-жауап» кітапшасы

Комментарии закрыты.