126581518_921353641604710_4842707271885898370_n

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!!!

Интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпараттарды жариялау мен олардың парақшаларына тіркелу жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ғаламтор кеңістігіндегі деструктивті сайттарды, порталдарды, интернет-парақшаларды, форумдарды анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

Мониторинг барысында айқындалған деструктивті немесе діни терроризмнің нышандары бар интернет-ресурстарына дінтану сараптамасы жүргізіліп, теріс қорытынды алған жағдайда жауапкершілік қарастырылады.

Сол себепті әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сізден әлеуметтік желіде (вконтакте) күмәнді, деструктивті діни бағыттағы парақшалар мен қауымдастықтардан шығуыңызды ескертеміз. Парақшалардан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына хабарласуыңызды сұраймыз!

Байланыс телефоны: +7771 327-62-21 (Нұрдәулет)

Мекен жай: М. Оспанов, 96

Комментарии закрыты.