125876399_2752341278427662_8181044488213770496_n

Online дәріс: Ғаламтордағы ақпараттық қауіпсіздік маңызы

Ақпараттық технология дамуымен қатар «кибертерроризм» атты қылмыстың жаңа түрі пайда болғаны белгілі.

Кибертерроризмге ғаламтор кеңістігіндегі деструктивті сайттар, порталдар, интернет-парақшалар, форумдар жатады.

Кибертерроризмге жататын интернет желілерін анықтау үшін құзыретті мекемелер үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг барысында айқындалған деструктивті не діни терроризм нышандары бар интернет-ресурстарына дінтану сараптамасы жүргізіледі.

Сараптама қорытындысының негізінде сот жүргізіліп, экстремистік мазмұны айқындалған ресурсты ҚР ақпараттық кеңістігінде таратуды тоқтату немесе толықтай жабу жөнінде шешім қабылданады.

ҚР заңнамасына сәйкес Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (174-бап), Терроризмді насихаттау немесе жария түрде террорлық акт жасауға шақыру (256-бап), Әдейі жалған ақпарат тарату (274-бап) бойынша қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылатын ескертеміз.

Аталған мәселелерді мектеп оқушылары мен ЖОО студенттеріне түсіндіру мақсатында «Аңсар» орталығы online кездесулер өткізуде. Атап айтсақ, теолог Н.Такеев №19, №45 орта мектеп оқушыларына «Діни экстремизмнен сақтанайық!», теолог А.Ермағанбет №25, №23, №35, №56, №64, орта мектебінің оқушыларына «Деструктивные религиозные течения: методы определение и защиты», дінтанушы С.Жидебаев №24, №40, №36, №33, №34, №52, №63, №41 орта мектеп оқушыларына және Қ.Жұбанов АӨМУ студенттеріне «Дін және Жастар», теолог Н.Панаев Ақтөбе қаласы ҚР Қорғаныс министірлігінің әскери -техникалық мектебі, С.Байішев университеті «Педагогика факультеті» және №47 орта мектеп оқушыларына «Жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақта», дінтанушы Н.Мұхамбетәлі №50, №49, №42, №51, №37, №32, орта мектеп оқушыларына және Ақтөбе медициналық колледжі студенттеріне «Жастар және дін» тақырыбында дәрістер өткізді.

Күмәнді бағыттағы сайттар мен әлеуметтік желілерге тіркелмеңіз, олардың ақпараттарын бөлісіп, таратылуына ықпал етпеңіз!

Комментарии закрыты.