75757

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетімен online дәріс өтті

 «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану» мамандығының 3-курс студенттеріне ZOOM платформасында online дәріс өткізді.

Семинар барасында «Қазақстан Республикасында дін саласында қызмет атқаратын мамандарға қойылатын талаптар мен міндеттер» тақырыбы көтеріліп, маманның білімі мен іскерлігіне қойылатын біліктілік талаптары мен спикердің сырт келбеті, сөйлеу ерекшеліктері айтылды.

Дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшесі білуі тиіс:
– ҚР Конституциясы, ҚР Діни саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын;
– ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІҮ Заңын;
– «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 1999 жылғы 13 шілдедегі №416 Заңы;
– «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2005 жылғы 18 ақпандағы №31 Заңы және нақты лауазымдық міндеттерді орындауға қатысты басқа да құқықтық актілерді; іскерлік қарым-қатынас нормаларын; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық құжаттарды және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын қолдана отырып жұмыс нысандары мен әдістерін.

Комментарии закрыты.