Рисунок1

«Кибербақылау» бағдарламасы таныстырылды

Деструктивті діни идеологияның жаңа түрі – Кибертерроризм. Ал, насихат құралы – интернет кеңістігі болып отыр. Көптеген азаматтар, әсіресе жастар ғаламтор кеңістігінде жат, теріс мазмұндағы парақшаларға жазылу арқылы деструктивті діни ағымдардың жетегіне еріп кетіп отыр.

Сол себептен де әлеуметтік желілердегі күмәнді діни мазмұндағы парақшаларды дер кезінде анықтап, оларға тосқауыл қою мақсатында Республика көлемінде «Кибербақылау» бағдарламасы жұмыс жасайды.

Аталмыш бағдарламаны облыс көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс атқаратын мамандарға таныстыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Аңсар» АТО тарапынан арнайы семинар өткізілді.

Семинарға облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары М.Құлбергенов, «Аңсар» орталығы басшысының орынбасары М.Қалманов, бөлім басшысы Н.Разақов қатысып, орталықтың дінтанушы маманы Н.Мұхамбетәлі бағдарламамен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Діни мазмұндағы материалдарды тек ресми, сенімді ақпарат көздерінен пайдалануға шақырамыз!

Комментарии закрыты.