3

Ақтөбе облысы оңалту жұмыстары бойынша үздік топ-3 қатарында

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің @qogam.kdr бастауымен «Стратегиялық сессия» күндерін жалғастыра отырып, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы @din_aktobe, «Аңсар» АТО @ansar_aqparat және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығымен» @ruhaniyat.do онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуге комитет қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы филиалының басшылығы, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, теологтар, дінтанушылар мен психологтар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – дін саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу.

2020 жылы қабылданған алдын алу шараларының нәтижелері туралы Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев @turalievalimbek сөз сөйледі.

Б.Бакиров өз кезегінде өңірдің жоғары көрсеткіштерін атап өтті – Ақтөбе облысы жүргізіліп жатқан оңалту жұмысының тиімділігі бойынша үздік топ 3 облыстың қатарына кіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту және сапалы оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.

Дереккөз: @din_aktobe

Комментарии закрыты.