Рисунок1

Әйтеке би, Хромтау аудандарының діни ахуалына талдау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Шермағанбетовтың тапсырмасына сәйкес облыстық дін істері басқармасының @din_aktobe бөлім басшысы Р. Құлдыбаев, бас маман А. Данахметов, «Аңсар» АТО басшысы Н.Жаншин @nursultan_zhanshin Әйтеке би, Хромтау аудандарындағы діни ахуалға талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында екі күндік іссапарда болды.

Облыстық топ Әйтеке би ауданының әкімі Д.Ермағанбетов, Хромтау ауданы әкімінің орынбасары М.Қосымбаева қабылдауында болды. Әйтеке би аудандық мешіті, Қарабұтақ ауылдық мешіттерінің жай-күйімен танысты.

Хромтау аудандық мешіті және провославиялық шіркеу мен рим-католик шіркеуінің және Бизнес-Инкубатор «Хром тэйлор» тігін цехының жұмысымен танысты.

Хромтау ауданында ашылған @hromtay_din «Руханият» бағдарламасының тұсаукесері өтіп, «Аңсар» АТО басшысы Н.Жаншин @nursultan_zhanshin алғашқы болып сұхбат берді.

Комментарии закрыты.