Рисунок2

Атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Халықтың түрлі топтары арасында дін саласындағы құқықтық сауаттылықты және азаматтардың дұрыс ақпараттандырылуын арттыру мақсатында атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Қурайлы» мəдениет үйінде «Дін – қоғам өмірінің негізгі арқауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шарада «Аңсар» АТО дінтанушы маманы Н.Мұхамбетәлі және «Аңсар» орталығында іс-тәжірибеден өтуші Қ.А.Яссауи ат. халықаралық қазақ-түрік университетінің «Теология» мамандығының 4-курс студенттері Ж.Жайшылық, И.Кадирханова әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік турасында айтты.

Сонымен қатар, орталық мамандары орталық базар аумағында, Кеңес Нокин даңғылы бойындағы жұмыссыз тұрғындар және орталық базар аумағындағы такси жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы бүктемелер таратты.

Келесі шара Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасында өткізіліп, жұмыс мигранттарына түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Комментарии закрыты.