kisspng-clinical-psychology-devry-fanor-applied-psycholo-organized-5b082804d60220.8443314115272611888766

Шет елдерде діни білім алу қаншалықты қауіпті?

– Өзге мемлекетке барып діни білім алу үшін жастар дәстүрлі дінімізді білуі шарт. Теріс ағымдардың көбі мәзһабты мойындамайды. Елімізде діни білім беретін университет, колледж, медреселер бар. Арнайы оқу орындарын аяқтап, діни басқарманың рұқсатымен ғана шет елге шыққан абзал. Жастардың өздігінен белгісіз жерге баруы қауіпті.

– Бүгінде негізгі ақпарат көзі – интернет. Жалған мәліметтердің жолында адасып кетпеу үшін не істеу керек?

– Мүфтияттың, мешіттердің ресми сайты бар. Олар күнделікті толықтырылып, жаңартылады. Жастар арасында танымал адамдардың, әншілердің уағызын ғана тыңдайтындар бар. Олардан ғалымдар туралы сұраса, бейхабар болып шығады. Ең дұрысы, елімізге белгілі ғалымдардың ғана уағызын тыңдап, ресми ақпарат көзінен ғана мәлімет алу керек.

© Қасымхан Абдуллаұлы, Петропавл қалалық Қызылжар мешітінің бас имамы

Комментарии закрыты.