54.png

Зайырлылық принципі және тәуелсіздік

Зайырлылық – атеизм де, дінсіздік те емес. Бұл ешқандай бір дүниетаным емес, ол – азаматтық ұстаным деп айтсақ болады. Білгілі бір сенім емес, бірнеше қағидалардың жиынтығы. Мемлекеттің кез келген дінге және метафизикалық құбылыстарға қатысты бейтараптылығы. Атап айтқанда, діни бірлестіктердің мемлекеттен тәуелсіз болғаны секілді, діни бірлестіктерге тәуелді болмауы, ар-ождан және дін бостандығы, зерттеу мен сынай алу еркіндігі, кез-келген ресми діннің, ресми философияның болмауы және соның салдарынан әр адамның өзі қалаған дінін қабылдауға немесе қабылдамауға байланысты заңдылықтарды қамтиды.

Зайырлылықтың мәнін үш сөзбен айтуға да болады:
• Бейтараптылық (мемлекет пен мектептер);
• Тәуелсіздік (мемлекеттің діни бірлестіктерден және керісінше);
• Бостандық (ар-ождан мен дін).

Дін мен діни сенім бостандығы барлық демократиялық жүйелерде кепілдендірілген және адам құқықтарының халықаралық декларациясында бекітілген маңызды құқық. Зайырлы даму жолын таңдаған мемлекеттерде дін мемлекеттен оқшауланған, алайда бұл оның қоғамнан бөлінгендігін білдірмейді. Ұлттық және діни мұра халықтың рухани мәдениеті мен ділінің ажырамас бөлігі болып саналады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, тек бір-бірін толықтыратын зайырлы және діни құндылықтар ғана бүгінгі қиын сұрақтарға толық жауап береді.

© Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Б. Ботақараев

Комментарии закрыты.