54.png

0nline және offline түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Аңсар» АТО тарапынан атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

№6655 әскери бөлімінде «Аңсар» АТО теолог маманы Қазихан Шынтас «Жат ағымдардың пайда болу себептері мен олармен күресу жолдары» тақырыбында әскери қызметшілермен жалпы кездесу өткізді

Орталықтың дінтанушы маманы Мұхамбетәлі Нұрдәулет Қ.Жұбанов АӨМУ «Экономика» факультетінің студенттеріне «Діни ақпараттарды алудағы әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

АТТ мүшесі Қазихан Шынтастың қатысуымен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен онлайн форматтағы дөңгелек үстел жиыны өтті. Шара барысында қатысушыларға қазақтың дінмен ұштасқан бай мәдениеті мен салт-дәстүрі жайында мағлұматтар беріліп, орталық маманы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында сөз қозғады.

Сонымен қатар, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 1-курс сттуденттеріне АТТ мүшесі Қазихан Шынтастың қатысуымен «Діни ағымдардың сипаттары және оларлың қоғамға берер зардабы» тақырыбында онлайн форматтағы жалпы кездесу іс-шарасы өткізілді.

Орталықтың бөлім басшысы Н.Такеев «Студенттер арасында Діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу» тақырыбында оnline кездесу және пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізді.

Комментарии закрыты.