195024888_4144856405605899_5967592299446954985_n

1-орын…

1-орын Жарқынай Ғалымқызы @zharkinai_1987 онлайн байқауымызда өз шығармашылығымен оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды.
Жеңімпазды «Аңсар» орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы @nursultan_zhanshin арнайы құттықтап, арнайы диплом, бағалы сыйлық табыстады.Жеңімпаз Жарқынай Ғалымқызының жүрекжарды жырын өздеріңізге ұсынамыз.Тән бойына адамның жылылығы
Алланың бәрі білер ұлылығын
Жүректен шықса сөз бен іс әрекет
Жүректің сол емес пе ұлылығы
Өмірде алай-дүлей күй кешеміз
Біреуге жақсылықпен нұр себеміз
Жақсы сөзбен қанаттап, қолпаштап сол
Жылулықтың жалынына нұр себеміз
Жақсылықты жүрекпен берген парыз
Қалмасыншы суықтық бізге қарыз
Күлімде, жымиып қара айналаңа
Бұл сүннет Пайғамбардан келген парыз
Жүректегі жылылықты бағалайық
Адамды ұлтқа бөліп қарамайық
Абайша айтқан баршасын бірдей сүйіп
Барында барымызды бағалайық
Мен жүрекпен сүйемін күннің нұрын
Жұпар исі аңқыған қырдың гүлін
Жер ана нәрлілігін дәмдеп берген
Сүйемін бау-бақшасын, өзен көлін
Жүректің жылылығын суықпайық
Жақсылықты жүрекке құлыптайық
Қол созып, үлкен менен жас кішіге
Ризашылық алуды ұмытпайық

Комментарии закрыты.