195098563_168200435317359_4155061816761802107_n

Атлах шайқасына 1270 жыл

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Атлах» шайқасына 170 жыл толуына орай «Қазақ даласына Исламның келуі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Осыдан тұп-тура 1270 жыл бұрын, яғни 751 жылдың шілде айында Тараз қаласына іргелес жатқан шағын ғана Атлах бекінісі маңында болған оқиға – Қазақстан мен Орта Азия және күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал жасаған тарихтағы ұлы жеңіс.

Еліміздің ертеректен мұсылмандықты ұстанып, тіпті ислам мемлекеті болғандығын жаңғыра айтып, күллі әлемге паш ету мақсатында ұйымдастырылып отырған халықаралық конференцияға көршілес Қырғызстан және Өзбекстан елінің мүфтилері, әлемдік және отандық оқу орындарының профессор, докторлары, қоғам қайраткерлері, академик, ғалымдар, барлық облыстың бас имамдары және ел ағалары қатыспақ.
Тараз қаласында өтетін конференция 3 маусым күні басталады.
⠀kazislam.kz сайтынан алынды.

Комментарии закрыты.