198986584_1809974645875311_218020987197709681_n

Жасырын террорлық әрекеттер қайта алып барады?

ДАИШ толықтай жеңіліске ұшырады деп айтуға әлі де ерте, себебі бұл террористік ұйымның ұяшықтары Ауғанстан мен Ливия, Азия мен Синай түбегінде өз желілерін ұйымдастыру үстінде. Көптеген көшбасшылары тірі.

ДАИШ ұйымы 1998 жылдан бері Иордания жерінен бастау алып, бүгінге дейін өздерінің террорлық белсенділігін жалғастырып келеді, бұл дегеніміз – террористік қозғалыстың орын алған жағдайларға жақсы бейімделетінінің белгісі.

Олардың «Ислам Халифатын» құру идеялары күйреуге ұшырап, сол себепті әртүрлі жерлердегі «топтық» жасырын желілер құруда.
Бұл жасырын террорлық ұяшықтарың басым көпшілігі Еуропада тұрақталған.

Еурополицияның (Еуропол) мәліметтері бойынша, 30 мыңнан астам адам жасырын террористік ұйымдардың тізімінде бар.

Еурополдың басшысы Роб Уайнрайт: «Соңғы жылдары кәрі құрлықта жасырын ұяшықтардың қызметтері өте белсенді деңгейде, соған байланысты Еуропаны террористік қауіп-қатердің жаңа толқыны күтіп тұрғандай», – деді.
⠀⠀@kazislam.kz сайтынан алынды. Мақаланың толық нұсқасын Kazislam.kz сайтынан оқи аласыздар.

Комментарии закрыты.