Screenshot_20210714-144114_Desygner

ТАНЫМЫ МОЛ ТАҒЫЛЫМДЫ САЯХАТ

13 шілде, сейсенбі күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Елорда күніне орай әйел жамағаттар мен балаларға арналған тарихи-танымдық саяхат өткізілді.

Шараға қатысушылар танымдық саяхат жоспарына сай алдымен еліміз бойынша тұңғыш ашылған облыстық планетарийге сапар шекті.
Балалар ашық аспан әлеміне аттанып, ғарыш ғажайыптарымен танысты. Олар өздерін Күн жүйесінің ең ортасында болғандай сезініп,ғарыш,жұлдыздар жүйесі,аспан денелері туралы кеңінен мәлімет алды. Естелік суретке түсуді ұмыт қалдырмаған балалар астрономия және космонавтика ордасында көздерімен көрген көріністерге таңданыстарын жасырмады.

ТАРИХИ ТАНЫМ БАСТАУЫ – ӨЛКЕТАНУ

Онан кейін ғажайыптарға марқайған шара қатысушылары – аналары мен балалары үшін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымдық экскурсия ұйымдастырылып, өрендер өлке тарихы, мәдени мұрасы және табиғи байлықтарымен танысып, түрлі жәдігерлердің тарихына қанықты.
Экскурсия қатысушылары 90 жылдан аса тарихы бар музейдегі барлық 10 залды аралап, өлкеміздің өткені мен бүгінінен сыр шертетін жәдігерлерді өз көздерімен көрді.
Таным көкжиектерін кеңейтіп, күндерін пайдалы әрі қызықты өткізген аналар мен балалар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.
Шара соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, «Отанға құрмет – баршаға міндет» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Комментарии закрыты.