FB_IMG_1627961261873

«АҢСАР» АТО МАМАНДАРЫ АУДАНДАРҒА БАРДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы облыстың аудандарымен де тығыз байланыста жұмыс жасайды. Аудан тұрғындарының діни сауатын арттыруда орталық мамандары үнемі аудандарға жұмыс сапарымен барып, жат діни ағымдардын алдын алу мақсатында атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Шынтас Қазихан Мұғалжар ауданындағы жұмыс сапарында Жұрын ауылының тұрғындарына және Қандыағаш қаласы “Локомотив” АҚ филиалы “Қандыағаш локомотив пайдалану депосы” мекемесі қызметкерлеріне атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Ал,  «Аңсар» АТО-ның теолог маманы Бейбарыс Ізберген Қарғалы ауданының Қосестек ауылында болып, ауыл тұрғындарына «Жат діни ағымдардан сақтану және олардың белгілері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Комментарии закрыты.