237201790_861590181448652_8358642113467506297_n

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН БӨЛІНЕТІН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ!

📢2021-2022 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант бөлінді. Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды.📢

📝Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері республикалық гранттың қорытындысы белгілі болғаннан кейін, 16-18 тамыз аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғимаратында қабылдау комиссиясымен қабылданады.

📍Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (мектеп түлектері үшін):

🔸белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
🔸білімі туралы құжаты (төлнұсқа, көшірме);
🔸ҰБТ, КТ сертификаттары;
🔸086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
🔸Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
🔸Әлеуметтік осал топқа (егер жататын болса) жататындығы туралы құжат тапсырады.

📍Колледж түлектері үшін (тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар) қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

🔸еңбек кітапшасы;
ұйымның мөрімен куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім;
🔸қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
🔸бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
🔸жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
🔸жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
🔸жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Ақтөбе облысында 2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізімін карусельдегі суреттерден көруге болады.

Комментарии закрыты.