FB_IMG_1631013772454

БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНҒАНДАР

@ansar_aqparat оқырмандарының асыға күтетін айдарына айналған онлайн ойындар қатысушылардың қызығушылығы мен ой ұшқырлығын анықтап, жеңімпаздарын ынталантырып отырады.  Дәстүрлі түрде ұйымдастыратын мұндай байқаудың бірі – Мұхаррам айы мен Ашура күніне орай 18 тамыз күні өткізілген болатын.  Байқауда бағы жанған Алмат Әміров @almat0702 басты сыйлыққа ие болса,  Нұрдана Мирманова @mirmanova_  және Абат Аяжан  @koshyaa жүлделі ІІ  және III орынды қанжығаларына байлады.

Жүлдегерлерге орталық тарапынан марапаттары табысталып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.

Онлайн форматта ұйымдастырылып, желіде жарияланған сұрақтарға жарыса жауап берген белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтардан өзге естелікке кітаптар сыйға тартылды.

Комментарии закрыты.