IMG_20210908_092918_614

ЖАТ ДІНИ АҒЫМНЫҢ БЕЛІГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАН сақтану жолдары түсіндірілді

7 қыркүйек, сейсенбі күні Т.Бигелдинов атындағы ӘҚК институтында «Жастарды жат діни ағымдардан сақтаудың жолдары » тақырыбында курсант жастармен кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы Сансызбай Ұлқабай сарбаздарға еліміздің дінге қатысты ұстанымдарын түсіндіру мен оларды түрлі жат ағымдардан сақтануға шақырып, жат ағымның белгілері және олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, курсанттардың көкейтесті сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында жастарға тақырыпқа сәйкес бейне ролик көрсетіліп, үн парақтар таратылды.

Халықтың діни сауаттын арттыруды мақсат тұтқан атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жоспарға сай жүйелі жалғасатын болады.

Комментарии закрыты.