z8PUZ0fn7Wk

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАҒА СҰХБАТ БЕРДІ

АҢСАР» АТО  басшысы Нұрсұлтан Жаншин жергілікті Рика тв арнасында қонақта болып, «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасының тікелей эфирінде Ақтөье қаласында 13-17 қыркүйек аралығында басталған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жөнінде сұхбат берді.

Бағдарлама барысында орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы бір апта көлемінде өткен жобаға облысымыздың барлық аудандарынан АТТ мүшелері жұмылдырылып,  мақсатты аудиторияларға діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы және жеке кездесулер ұйымдастырылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметі мен жұмыс жоспарына тоқталды.

Комментарии закрыты.