FB_IMG_1633001302234

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ «АҢСАР CUP» ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Зайырлы ел – қайырлы ел» жобасы аясында «Аңсар» АТО мен Ақтөбе облысы бойынша ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты 168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында  шағын футболдан «Ansar Cup» турнирі өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау,  жат ағымдардан сақтандыра отырып,  мемлекеттік дін саясатын түсіндіру  жазасын өтеушілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шарада  «Аңсар», «Арыстан», «Ақжайық», «Шалқар», «Сұңқар» аталатын 5 команда өзара бақ сынасты. Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген командалар тартысты ойын өрнегін көрсете білді.Финалға шыққан екі команданың бірі айқын басымдықпен жеңіске жетіп, «Ansar Cup» кубогін еншіледі.

Турнирдің жабылу салтанатында ұйымдастыруышы тараптан «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин командаларды құттықтап,  барлық ойыншыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарға «Ansar Cup» кубогін табыстады.

Сонымен қатар,  жаза басқандарға алғашқы қажеттіліктегі жеке гигиеналық тазалық заттары мен электр шәйнектері табыс етілді.

– Алдағы уақытта «Зайырлы ел – қайырлы ел» жобасы аясында түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында үстел теннисі секілді спорттық ойындармен қатар «Құран жарыс», «Не? Қайда?Қашан?» зияткерлік сайысы, Ақида ілімінен білім сайыстарын ұйымдастыру көзделген, – дейді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ержан Мизамов сайыста төрелік етсе, турнир аяқталған соң «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман жазасын өтеушілерге «Мұсылманның шынайы бейнесі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, түрлі сауалдарына жауап берді.

Комментарии закрыты.