FB_IMG_1633001511153

АЙЫМ ҮЗДІК АТАНДЫ

«Аңсар» орталығының ұйымдастыруымен өткен мобилографтар арасындағы «Аңсар» АТО жаңашыл жастар көзімен» тақырыбында «ҮЗДІК МОБИЛОГРАФ» байқауының жеңімпазы анықталды.

Желі тудырған жаңа жанрда 10 жасар байқау қатысушысы Айым Серік «Үздік мобилограф» атанды.

Ақтөбе облысындағы діни ахуалдың тұрақтылығы мен экстремизм, терроризм көріністерінің алдын алу бағытындағы «Аңсар» АТО қызметін халық арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен байқаудың материалдары комиссия шешімімен іріктеліп,  желіде оқырмандардың дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталды.

Заман ағымынан қалмай жаңашылдықты игерген көп балалы ана Майгүл Төлегенова да бұл байқауда бақ сынап, «Көрермен көзайымы» атанды.

Жеңімпаздарды «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин жеңімпаздарды арнайы құттықтап,  алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Марапаттау барысында өнердегі жаңа бағытты меңгеріп, көріністерді тез әрі талғаммен ерекше ұсынуды меңгерген байқау қатысушыларына ұшқыр қиял, шығармашылық табыс тіледі.

Комментарии закрыты.