FB_IMG_1633001558946

«АҢСАР» АТО ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АТСАЛЫСТЫ

25 қыркүйек, сенбі күні «Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы» мен «Аңсар» АТО ұжымы қала тазалығына  арналған екі айлық шараға үлес қосты.

Басқарма басшысы Әлімбек Тұралиев бастаған ұжым «Тұңғыш Президент атындағы саябақ» аумағын ағаш бұтақтарынан, шөптен, күл-қоқыстан тазартты.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген тәмсілді ұстанған ұжым 8 қыркүйек 27 қазан аралығында жүріп жатқан тазалық акциясына барша қалалықтардың үлес қосуына шақырды.

Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау азаматтық борышымыз. Тазалық – иманның жартысы демекші,  ортақ үйіміздің тазалығына немқұрайлы қарамай екі айлық тазалық акциясына бір кісідей атсалысуға шақырамын,- деді «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Комментарии закрыты.