Screenshot_20211007-110150_Desygner

КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

6 қазан, сәрсенбі күні «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін жастармен жүйелі және тиімді өзара жұмыс істеу, азаматтарды жалған деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында Ақтөбе облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамымен кездесіп,  «Қазақстандағы деструктивті діни ағымдар» тақырыбында семинар өткізді.  Жиын барысында дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттің дін саласындағы саясатын, толеранттылық мәселелерін кеңінен сөз етті.

Сонымен қатар, радикалды діни ағымдардың зияны мен деструктивті ағымдардан сақтану жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинарға қатысқан мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері орталық басшысына сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Комментарии закрыты.