6666

ОРТАЛЫҚ ТЕОЛОГЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 қазан,  жұма күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Айсұлтан Сапар «ІІМ көліктегі полиция департаменті Ақтөбе станциясының желілік полиция  бөлімінің» қызметкерлерімен кездесіп, «Діни экстремизмнің идеологиялық негізі» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесуде теолог маманы полиция қызметкерлеріне дін ағымындағы ерекшеліктер, ағымдардың бөлінуі, дәстүрлі емес ағым жолына түскен жастардың тобы мен себептері туралы түсіндіру сипатында жеке-жеке тақырыптарға тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау нысандары, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндірді.

Сондай-ақ,  кездесуге қатысушылармен диалог құрылып, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теолог маманнан сұрақтарына жауап алды.

Комментарии закрыты.