view (95)

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық

Пара беру де, пара алу да – пайдалы іске жатпайды, керісінше дінімізде ауыр қылмыс саналады. Асыл дініміз Исламдағы жетпіс үлкен күнәнің бірі – осы жемқорлық.

Жемқорлық пен парақорлық Құранда харам және қылмыс ретінде көрсетілген. Олар жайлы Алла Тағала «…өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер…» («Мәида» сүресі, 42-аят) делінген. Бұл аятта пара алып, арам табыспен күнелтетін яһудилер жайында баяндалады.

Пара берудің шариғатта үкіміне тоқталсақ. Біріншіден, пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Сол себепті пара жолымен табылған табыс та харам болып саналады.

Екіншіден, пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру – міндет. Қорыта айтқанда, жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, ең алдымен азаматтардың бойындағы әділдік, инабаттылық сияқты моральдық қасиеттерді барынша дамыту қажет.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының «Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас. Сыртың – пысық, ішің – нас, Артын ойлап ұялмас» деген өлең жолдарын әр адам өмір сүру қағидасының басты ұстанымы ретінде қабылдап, әр отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Комментарии закрыты.