30 июня, 2022

Темір ауданында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында іс-шаралар жалғасуда

30 маусым күні АТТ мүшелері Қопа ауылында «Дін мен дәстүр» тақырыбында тұрғындармен кездесу өткізді. Кеңестуы ауылдық округі бойынша ДДА мүшелерімен оңалту жұмыстарын жүргізу бағытында жеке кездесу өтті. Тұрғындармен дін және салт-дәстүр, әдет-ғұрып сабақтастығы туралы әңгіме қозғалды.

Жақсымай ауылдық округінің тұрғындарымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында сұхбат түріндегі кездесу ұйымдастырылды. Жақсымай ауылдық округі бойынша ДДА мүшелерімен оңалту жұмыстарын жүргізу бағытында жеке кездесу өтті. Сонымен қатар Шұбарқұдық кәсіпшілігі мешітінде жамағатпен кездесу өтті.