18 октября, 2022
«Діни толеранттылық келісім»
Бүгін 18 қазан күні Орталықтың дінтанушы-психолог мамандары О. Вороневич пен А. Қасенов Алға аудандық №2 В. Пацаев атындағы орта мектебінің орыс тілді 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Аталған кездесуде «Діни толеранттылық келісім» тақырыбында дәріс жүргізіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақпараттық таратпа материалдар таратылып, видеороликтер көрсетілді.


