15 октября, 2022

Жалпықалалық сенбілік

Қазан айының 15-і күні Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Триатлон паркінің аумағында жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Ералы Тоғжанов қаланың тазалығын сақтау және көгалдандыру ісі өңірде экологиялық мәдениет қалыптастырудың негізі екенін атап өтті.
Сенбілікке облыстық дін істері басқармасы, «Аңсар» АТО мен «Ихсан» орталығының қызметкерлері және тағы басқа да басқарма қызметкерлері қала ішінде санитарлық тазарту және абаттандыру жұмысын жүргізу мақсатында сенбілікке шықты.

Әріптестер бірлесе отырып, «Нұр ғасыр» орталық мешіті мен «Аңсар» АТО ғимаратының аумағына көгалдың тазартылып, жиналуына өз үлестерін қосты.