19.10.2022
Алға ауданында 19 қазан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жоспары негізінде Ақтөбе облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
Шараның мақсаты – өңірлердегі халықтың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің іс әрекеттерін болдырмау үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
Кездесу Ақтөбе облысы Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе медресе» колледжінде «Зайырлы мемлекет пен қоғам – біздің тарихи таңдауымыз» тақырыбында медресе студенттеріне арналған түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шараға республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан дәріскер ретінде тартылды.
Сонымен қатар, шарада РАТТ мүшесі тақырып төңірегінде сөз қозғап, дінтану пәнінің мұғалімдері арасында ашық сұхбат ұйымдастырып, мұғалімдердің көкейде жүрген сұрақтарына нақты әрі тұщымды жауаптар берді.




