19.10.2022
А.ж. 19 қазан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жоспары негізінде Ақтөбе облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстары білім ордаларында қарқынды түрде жалғасуда.
Кездесудің мақсаты – дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
Кездесу Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының №2 орта мектебінде «Жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандырудың маңыздылығы» тақырыбында студенттері арасында өтті.
Аталған шарада РАТТ мүшесі, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы дәріскер ретінде тартылып, жастардың дінге деген дұрыс түсінігін қалыптастыру, терең ойлауға, білімдерін терең дамытуға дағдылану, имандылық, инабаттылық тәрбиелеу, кішіпейілдікке баулу жөнінде сөз қозғап, тақырып төңірегінде қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
