6 мая, 2022

Волейбольный турнир для женщин «ANSAR CUP»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Erkindigim – аmanatym, eldigim» жобасы аясында әйел жамағаттарына арналған «ANSAR CUP» волейбол турнирі өтті.
Турнирге Ақтөбе қаласымен қоса Алға, Хромтау аудандарынан барлығы 6 команда қатысты.
Спорттық шараның ашылу салтанатына Ақтөбе әкімінің орынбасары Елеусінова Б. О. және Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Ә. Ж. алғы сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын-«Жәннат» командасы
ІІ орын- «Аңсар еріктілері» командасы
ІІІ орын-«Кәусар» командасы жүлделі орындарды иеленді.
Жеңімпаздар диплом, медальдармен қоса бағалы және ынталандыру сыйлықтармен табысталды.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, ойын барысында қатысушылар ауызбіршілік, сыйластық және белсенділік секілді қасиеттерін паш етті.   https://www.youtube.com/embed/UaxbV68oSaw