11 августа, 2022

«АҢСАР» ЕРІКТІЛЕРІ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

А. ж. 11 тамыз күні орталық басшысы Н. Жаншин «Аңсар» еріктілері тобының жастарымен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында жаңадан қатарға қосылған ертіктілермен таныса отырып, топтың атқарылған шаралары, алға қойған жоспарлары мен ұсыныстары талқыланды.
Сөз соңында орталық басшысы еріктілерді 12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен құттықтай келе қайырымды істерге үлес қосып, қоғамдағы белсенділіктері үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Еріктілердің қоғам арасындағы жақсылыққа бағытталған игі істеріне сәттілік тілейміз