30 сентября, 2022

«Діни сауаттылық адасудан сақтайды» тақырыбындағы топтық кездесулер

Қыркүйек айының 29 күні ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында Қазақ – Орыс халықаралық университетінің студенттері мен Ғ. Ақтаев ат. № 6 мектеп – гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті. Жиын барысында РАНТ мүшесі, Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ұ. Шарипов, «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің имамы М. Шадман және орталық мамандары А. Қасенов, Д. Балшат, О. Вороневич блім алушыларды діни сауаттылыққа, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жат ағымдардан сақтануға шақырды.
Сондай-ақ, «Аңсар» орталығында «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы бойынша пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдауға арналған «Open spaсе» форматында ашық есік күні өткізілді. Аталған шараға Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы, пробация қызметі және «Ихсан» орталығының мамандарымен бірге «Ансар» АТО психологы А. Қасенов қатысты. Азаматтардың діни және психологиялық сұрақтарына жауап беріп, олардың жұмыспен қамтылып, кәсіп ашуына оң ықпал ету мақсатында спикерлер тарапынан кеңестер мен ұсыныстар берілді. Кездесу барысында теолог және психолог мамандар тарапынан «Адал кәсіп және оның берекесі», «Мінез-құлық және суицид», «Дестуктивті ағымдар психологиясы» тақырыптарында ақпараттық түсіндірме және насихат жұмыстары жүргізілді.