4 октября, 2022
Терроризм мен экстремизм қоғамға қауіпті
Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Төлегенова Айнур Нұрсайынқызының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен «Терроризм мен экстремизм қоғамға қауіпті» тақырыбында жастардың санасына қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдарын ұғындыру мақсатында Орталықтың теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы кездесуге қатысып, оқушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


