19 октября, 2022
19 қазан күні ұйымдастырылған ақпараттық түсіндіру жұмысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жоспары негізінде Ақтөбе облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Мұғалжар ауданында жалғасын табуда.
Кездесу Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында 15 мақсатты топқа кіретін жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және әлеуметтік осал топтағы ауыл тұрғындары арасында «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шараға республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Mugla sitki Kosman» университетінің PhD докторанты, тарихшы Жарас Ахан Исбергенұлы дәріскер ретінде тартылды.


